ico-home    ico-sitemap    ico-mail  

Сәтбаев қаласы, Сәтбаев даңғылы 111, телефоны 35100, факс 37934 мекен - жайында орналасқан «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ - сі азаматтық қызмет лауазымының бос қызмет орнына конкурс жариялайды:

Сәтбаев қаласының әкімдігі “№5 жалпы  орта білім беретін мектебі”  КММ директоры.

Қызметтік міндеттері:кәсіпорынның жарғысына сәйкес коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметін қамтамасыз ету және жалпы басшылық.

Азаматтық қызметкердің лауазымдық жалақысы:

Санаты

Қызмет атқарған жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы (теңге)

А-1-3

5 жылдан бастап

20 жылдан жоғары

93245

109987

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілікталаптар: жоғарғы педагогикалық білім және педагогикалық жұмыс өтілінің  бес  жылдан кем болмауы немесе білім беру ұйымының бейініне сәйкес білім беру ұйымдарында немесе ұйымдарда басқарушылық қызметте жұмыс өтілінің бес жылдан кем болмауы. Бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы.

Үміткерлерге қойлатын  талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының “Білім туралы”, “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы”, “Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” Заңдарын, “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы”, “Қазақстан Республикасында отбасы және неке туралы” Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын; педагогиканы; педагогикалық психологияны; педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; қаржы - шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды; еңбек негіздері туралы заңнамаларды; санитарлық ережелер мен нормаларды білу. Мемлекеттік тілді білуі қажет.

Конкурс Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министірлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген “Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау қағидалары”  негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды қабылдау  хабарландыру жарияланған күннен бастап 15  жұмыс  күннің ішінде  жүргізіледі.

Конкурсқа қатысушы комиссия қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжрибесін қорытындылау, наградалары туралы қандайда болмасын деректі расталған ақпаратты ұсынуға құқылы.

Бөлім жаңалықтары

Олимпиада өтті

Жаңалықтар912018-12-11 18:57:24

Ағымдағы жылдың 6,7 желтоқсан күндері №16 жалпы орта білім беретін мектепте жалпы білім беретін пәндер бойынша  республикалық олимпиаданың  қалалық кезеңі   өтті. Олимпиадаға қала мектептерінен барлығы 330 оқушы қатысты.  10 қараша күні Абай атындағы №4 мектеп – лицейде олимпиаданың  қорытындысы бойынша орын алған оқушыларды марапаттау рәсімі өткізілді.  Әр түрлі  пәндер бойынша 11 оқушы бірінші орын, 29 оқушы екінші орын,  39 оқушы үшінші орын иеленді. 15 оқушыға алғыс хат берілді.  С.Сейфуллин атындағы гимназияның оқушылары ең жоғары көрсеткішпен үздік топ атанды. 2019 жылдың қаңтар айында өтетін  облыстық олимпиадаға  9 оқушы жолдама  алды.

Read more