ico-home    ico-sitemap    ico-mail  

«Сәтбаев қаласы білім бөлімі» ММ бойынша

желтоқсан айында «ЕХРО-2017» алғашқы халықаралық көрмеге байланысты өткізілген ісшаралар жайлы мәлімет

Қазақстанда  «ЕХРО-2017» алғашқы халықаралық көрменің ашылуы жайлы және оның маңыздылығын оқушылар арасында түсіндіру, жастарды ғылыми-техникалық жұмыстарға қызығушылығын арттыру мақсатында желтоқсан айында «Сәтбаев қаласы білім бөлімі» ММ бойынша бірқатар ісшаралар өтті.

Білім беру мекемелерінде мектептің жаңалықтары мен жетістіктері бейнеленетін  мектепішілік газеттері шығарылады. Атап айтқанда, №25 жалпы орта мектебінің «Перемена» газеті, №19 жалпы орта білім беретін мектебінің «Руханият» газеті, №3 жалпы орта білім беретін мектебінің «Мектеп тынысы» газеті т.б.. Осындай газеттерде «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесіне арналған мақалаларды оқушылар мен ұстаздар жариялап отырады. Мақалаларда көрменің маңыздылығы мен болашақтағы энергия көзін табу бойынша алатын орны зор екенділігі көрсетілген.

№16 жалпы орта білім беретін мектебінің  9 «Б» сынып оқушысы Дүйсембек Исламбек Дүйсембекұлы, биология пәнінің мұғалімі Калдарбекова Газиза Курмангазиевнаның жетекшілігімен «Күн энергиясының жылыжайға пайдасы» тақырыбындағы жобамен  жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдары мен колледж білім алушылары арасында «Болашаққа қадам- қуат көздерінің баламасы» қашықтық республикалық байқауына қатысып,  ІІІ  дәрежелі дипломға ие болды.  Желтоқсан айының 10-11 күндері Қарағанды облысының білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» ғылыми - практикалық орталығы», Қарағанды Экономикалық университетімен бірлесіп ұйымдастырылған «Қарағанды облысының жас ғалымдарының ЕХРО - 2017 көрмесіне қосқан үлесі» атты көрме – конференциясында өз жобасын қорғап, жүлделі ІІІ орын алды.

Қарағанды облысы білім беру ұйымдарында 2015-2016 оқу жылында сынып сағаттарын өткізу тақырыптары және әдістемелік нұсқаулыққа сәйкес желтоқсан айында 5-8 сынып оқушылары үшін «ЕХРО – 2017 – Қазақстанның болашағы» атты сынып сағаттары өтті. Әртүрлі формаларда өткен сынып сағаттарында оқушыларға көрме туралы жалпы түсінік, артықшылықтары мен ел, бүкіл әлем үшін пайдасы туралы түсінік берілді.

Басшы                                                                    Ш.К.Жанасылова

Бөлім жаңалықтары

"Робототехника-болашақтың бағдары"

Жаңалықтар152020-01-14 04:28:06

Ағымдағы жылдың 13 қаңтары күні  білім бөлімінің   жоспарына сәйкес №1 мектеп-гимназиясында "Робототехника-болашақтың бағдары" атты қалалық семинар өтті. Қаламыздағы 14 жалпы білім беретін мектептің 11-і  робототехника зертханасымен жабдықталған.  Семинардың мақсаты: -мектепте робототехниканы оқытатын  мұғалімдерінің біліктілігін арттыру;- LEGO MINDSTORMS Education EV3, Arduino платформасында шағын роботтарды жинақтау; -бағдарламалауды үйрету;Семинар барысында барлық мектептердің көмегімен көрме ұйымдастырылып, бағдарламада көрсетілген тақырыптар бойынша өзара тәжірибе алмасты.

Read more