ico-home    ico-sitemap    ico-mail  

03.06.19

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар  министрлігінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 желтоқсанындағы № 827 қаулысымен бекітілген  «Цифрлық  Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында «Адам каптиталын дамыту» бағытының іс-шаралар жоспарында «Халыққа арналған базалық цифрлық дағдылар бойынша оқыту курстарын өткізу, қайта даярлау» туралы 88 тармақты орындау мақсатында Сәтбаев қаласында   маусым, тамыз  айларында  цифрлық сауаттылық курсы  өткізіледі. Цифрлық сауаттылықты арттыру курсы №1мектеп-гимназиясы, №4, №19 мектеп-лицейі, №3, №15, №25 жалпы орта білім беретін мектептерінде өткізіледі. Цифрлық сауаттылық курсы бойынша қосымша мәліметті  білім бөлімінің әдістеме кабинетінің 3-49-80 (3-79-34) жұмыс телефонына хабарласуларыңызға болатындығын хабарлай отырып, цифрлық сауаттылық арттыру курсына қатысуларыңызды сұраймыз.

«Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ

Бөлім жаңалықтары

"Робототехника-болашақтың бағдары"

Жаңалықтар152020-01-14 04:28:06

Ағымдағы жылдың 13 қаңтары күні  білім бөлімінің   жоспарына сәйкес №1 мектеп-гимназиясында "Робототехника-болашақтың бағдары" атты қалалық семинар өтті. Қаламыздағы 14 жалпы білім беретін мектептің 11-і  робототехника зертханасымен жабдықталған.  Семинардың мақсаты: -мектепте робототехниканы оқытатын  мұғалімдерінің біліктілігін арттыру;- LEGO MINDSTORMS Education EV3, Arduino платформасында шағын роботтарды жинақтау; -бағдарламалауды үйрету;Семинар барысында барлық мектептердің көмегімен көрме ұйымдастырылып, бағдарламада көрсетілген тақырыптар бойынша өзара тәжірибе алмасты.

Read more