ico-home    ico-sitemap    ico-mail  

Ағымдағы жылдың 11 сәуір күні №15 жалпы орта білім беретін мектебінде Электронды есептеуіш машиналардың даму тарихының мұражайы ашылды. Компьютер - адамзаттың өркениет жолымен дамуына ықпал ететін басты құралдардың бірі. Мұражай экспонаттары мектеп ұстазадары мен ата-аналардың қолдауымен толықтырылды.

1

Мұражайдың мақсты: оқушылар мен келушілерді электронды-есептеуіш машиналардың даму тарихымен таныстыру.
Мұражайдың ерекшеліктері:
-    Мұражайдағы экспонаттардың шығу тарихымен танысып ғана қоймай оны қолданып қосып көруге болады.
-    Оқушылардың сабақтан бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында мұражайда шахмат, шашки, тоғызқұмалақ т.б. ойындарын ойнап, жарыстарға дайындық жүргізуге болады.
-    Мұражайда сонымен қатар кітаптар көрмесі қойылған. Келушілер керекті кітабын оқып, қажетті ақпарат алуға мүмкіндік бар.
-    Жан-жақты ақпарат алу мақсатында мұражайда ноутбуктар қойылған.
-    Мұражайдың парталары да ерекше, олар балаларға ыңғайлы түрде қойып жұмыс жүргізуге болады. Топтық, жұптық және жекелей тапсырмаларды орындауға болады.
Мұражайдың ашылуына келген қонақтарымыз, мұражайдың әрі қарай дамуы мен қажетті экспонаттармен толықтыруға уәделесті.

 

Бөлім жаңалықтары

Қала тұрғындарын цифрлық сауаттылыққа оқыту

Жаңалықтар462019-06-03 10:19:44

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар  министрлігінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 желтоқсанындағы № 827 қаулысымен бекітілген  «Цифрлық  Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында «Адам каптиталын дамыту» бағытының іс-шаралар жоспарында «Халыққа арналған базалық цифрлық дағдылар бойынша оқыту курстарын өткізу, қайта даярлау» туралы 88 тармақты орындау мақсатында Сәтбаев қаласында   маусым, тамыз  айларында  цифрлық сауаттылық курсы  өткізіледі. Цифрлық сауаттылықты арттыру курсы №1мектеп-гимназиясы, №4, №19 мектеп-лицейі, №3, №15, №25 жалпы орта білім беретін мектептерінде өткізіледі. Цифрлық сауаттылық курсы бойынша қосымша мәліметті  білім бөлімінің әдістеме кабинетінің 3-49-80 (3-79-34) жұмыс телефонына хабарласуларыңызға болатындығын хабарлай отырып, цифрлық сауаттылық арттыру курсына қатысуларыңызды сұраймыз. «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ

Read more