ico-home    ico-sitemap    ico-mail  

Қазақстан Республикасының  «Құқықтық
актілер туралы» Заңы негізінде жеке кәсіпкерлік
субъектілерінің аккредиттелген бірлестігіне
және Ұлттық кәсіпкерлер палатасына қалалық
мәслихат шешімінің келесі жобасы ұсынылады


Сәтбаев қалалық мәслихатының 42 сессиясының шешімі


Сәтбаев қаласы                       №____                         2019 жылғы«-__»__________


Күндізгі оқу нысанындағы
оқушылардың қоғамдық көлікте
(таксиден басқа) жеңілдікпен
жол жүруі туралы


Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасындағы 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы»  Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру Сәтбаев қаласының төмендегі оқушылар санаттарына белгіленсін:
1)жалпы білім беру оқу орындарының біріншіден сегізінші сыныпқа дейінгі оқушыларын қосып алғанда – тегін жол жүру (каникул кезеңдерін және әр аптаның демалыс күндерін қоспағанда);
2)жалпы білім беру оқу орындарының тоғызыншыдан он бірінші сыныпқа дейінгі оқушыларын қосып алғанда – белгіленген тарифтің 50% төлеумен (каникул кезеңдерін және әр аптаның демалыс күндерін қоспағанда);
3)кәсіби мектептердің, колледждердің, жоғары оқу орындарының күндізгі оқу нысаны бойынша оқушыларын - белгіленген тарифтің 50% төлеумен (каникул кезеңдерін және әр аптаның демалыс күндерін қоспағанда);
4) әлеуметтік көмек көрсетілетін мына азаматтар санатына жалпы білім беру оқу орындарының біріншіден он бірінші сыныпқа дейінгі оқушыларын қосып алғанда, кәсіби мектептердің, колледждердің, жоғары оқу орындарының күндізгі оқу нысаны бойынша оқушыларына – тегін жүру (каникул кезеңдерін және әр аптаның демалыс күндерін қоспағанда):
жетім балалар, ата – анасының қомқорлығынсыз қалған балалар;
даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер,мүгедек балалар;
көп балалы отбасылардың балалары;
кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарындағы балалар;
жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп – интернаттарында, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалар;
дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалар;
интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілері;
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағыорташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасыларданшыққан балалар;
денсаулық жағдайына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша ұзақ уақыт бойы үйде немесе стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру емін және медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда оқитын балалар;
толық емес отбасынан шыққан балалар.
2. «Күндізгі оқу нысанындағы оқушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2018 жылғы 22 ақпандағы № 246 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4638 болып тіркелген, 2018 жылғы 16 наурыздағы «Шарайна» №11(2304) газетінде және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 16 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3.Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (төрағасы Жанасылова Қамар Қапасқызы) жүктелсін.
4.Осы шешім алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Сессия төрағасы                                             И.Бралин

Қалалық
мәслихат хатшысы                                         Т.Хмилярчук

Бөлім жаңалықтары

№16 жалпы орта білім беретін мектебінде 11-14 наурыз аралығында жалпы орта білім беру мекемелерінің мұғалімдері арасындағы «Үздік дене шынықтыру мұғалімі-2019» ІV Республикалық байқауының қалалық кезеңі өткізілді

Жаңалықтар92019-03-18 04:30:00

№16 жалпы орта білім беретін мектебінде 11-14 наурыз аралығында жалпы орта білім беру мекемелерінің мұғалімдері арасындағы «Үздік дене шынықтыру мұғалімі-2019» ІV Республикалық байқауының қалалық кезеңі өткізілді. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтарға ие болады. «Креаті мұғалім» номинациясымен №19 ЖОББМ мұғалімі Тұрар Архат Әділұлы, «Үздік презентация» номинациясымен №5 ЖОББМ мұғалімі Алиев Алиаскар Аллахвердиевич, «Жаңашыл мұғалім» номинациясымен №7 ЖОББМ мұғалімі Майлыбай Мейрамбек Қонысбекұлы, «Үздік спорт жетекшісі» номинациясымен №15 ЖОББМ мұғалімі Аскаров Амангельды Боранбаевич марапатталып 15000 теңге сертификаттармен.

Read more