ico-home    ico-sitemap    ico-mail  

03.06.19

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар  министрлігінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 желтоқсанындағы № 827 қаулысымен бекітілген  «Цифрлық  Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында «Адам каптиталын дамыту» бағытының іс-шаралар жоспарында «Халыққа арналған базалық цифрлық дағдылар бойынша оқыту курстарын өткізу, қайта даярлау» туралы 88 тармақты орындау мақсатында Сәтбаев қаласында   маусым, тамыз  айларында  цифрлық сауаттылық курсы  өткізіледі. Цифрлық сауаттылықты арттыру курсы №1мектеп-гимназиясы, №4, №19 мектеп-лицейі, №3, №15, №25 жалпы орта білім беретін мектептерінде өткізіледі. Цифрлық сауаттылық курсы бойынша қосымша мәліметті  білім бөлімінің әдістеме кабинетінің 3-49-80 (3-79-34) жұмыс телефонына хабарласуларыңызға болатындығын хабарлай отырып, цифрлық сауаттылық арттыру курсына қатысуларыңызды сұраймыз.

«Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ

1Ағымдағы жылдың 06-24 мамыр аралығында білім беру ұйымдарында «Өзін - өзі тану» пәні әлеміне виртуалды саяхат» атты көрмесі өз мәресіне жетті.
«Өзін-өзі тану»  адамгершілік – рухани білім беру бағдарламасы бойынша педагогтер, кітапханашылар, оқушылардың  қатысуымен өткізілетін ісшаралар жоспары құрылып, әртүрлі форматта ісшаралар өткізілді.  

Барлық мектептерде «Өзін-өзі тану» пәні әлеміне виртуалды саяхат» атты көрме салтанатты линейкамен ашылды.

«Өзін – өзі тану» атты балаларға рухани-адамгершілік білім беру және тәрбие беру идеясының авторы, Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмірбаянымен таныстыру мақсатында мектеп  кітапханаларында көрме,  «Мейірімділік, бейбітшілік, достық" тақырыбы аясында қолдан жасалған бұйымдар, суреттер мен ашық хаттар көрмесі, оқушылардың өз қолынан жасаған «Творим добро и красоту» көрмесі ұйымдастырылды.

Республикадағы білім беру ұйымдарында өтіп жатқан  «Өзін - өзі тану» пәні әлеміне виртуалды саяхат» көрмесі аясында №4 Абай атындағы мектеп –лицейінде «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын  іске асыру  тәжірибесін және «Өзін-өзі тану»  кабинеттері мен бұрыштарын  рәсімдеудің  үздік  іс-тәжірибесін тарату мақсатында ісшаралар  жоспар бойынша  өткізіліп,  әрбір өткен іс-шаралардың қорытындысы шығарылды. Мектеп оқушылары  іс-шара барысында өз белсенділіктерін көрсетіп, ат салысты.

Көрменің алғашқы күні салтанатты линейкамен басталды.

2019 жылдың 21 мамыр күні «№16 ЖОББМ»КММ базасында Сәтбаев қаласы әкімі Ыдырысов Асқар Абылайұлының қолдауымен білім беру ұйымдарына арналған кәсіби бағдар беру семинары өтті. Мақсаты: оқушылардың толық кәсіби ақпараттануын қалыптастыру, ҰБТ-тапсыру үшін оқушылардың кәсіби бағытымен бейінді пәндерді саналы таңдауын қамтамасыз етіп, білім беру сапасымен өңірдегі адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ету. Алматы қаласының "Edtech" кәсіби бағдар беру орталығының проектік менеджері, «KASIP» жобасының басшысы Яхьярова Сабина Махмутжанова семинардың 1-ші бөлімінде мектеп директорларымен орынбасарларын проектінің мақсатымен таныстырып, толық ақпарат берді.

15.05.19 1Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің ұйымдастыруымен республикадағы білім беру ұйымдарында  «Өзін - өзі тану» пәні әлеміне виртуалды саяхат» көрмесі  өткізілуде. Көрме  «Өзін-өзі» тану пәні кабинеттері мен бұрыштарының талапқа сай жабдықталуына назар аудара отырып, оқу-тәрбие процесінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау мақсатында   жүргізілуде.
Барлық мектептерде  ағымдағы жылдың 6-24 мамыр аралығында «Өзін-өзі тану»  адамгершілік – рухани білім беру бағдарламасы бойынша педагогтер, кітапханашылар, оқушылардың қатысуымен өткізілетін ісшаралар жоспары құрылып , әртүрлі форматта ісшаралар өткізілуде.
№3, №7 мектептерде «Мейірім төгетін ана» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
№3 мектепте 6 сыныптар арасында «Табиғат баға жетпес сый» тақырыбында суреттер байқауы, №7 мектепте «Мен бейбітшілікті суреттеймін»  асфальтқа сурет салу көрмесі, «Мейірімділік, бейбітшілік, достық" тақырыбы аясында қолдан жасалған бұйымдар, суреттер мен ашық хаттар көрмесін №7 мектеп  және №25 мектепте  фойесінде оқушылардың өз қолымен жасаған «Творим добро и красоту» көрмесі ұйымдастырылды. 1-4 сынып оқушылары арасында «Любовь и творчество» суреттер байқауына 30 оқушының жұмыстары сарапталып қойылды.

Бөлім жаңалықтары

Қала тұрғындарын цифрлық сауаттылыққа оқыту

Жаңалықтар812019-06-03 10:19:44

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар  министрлігінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 желтоқсанындағы № 827 қаулысымен бекітілген  «Цифрлық  Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында «Адам каптиталын дамыту» бағытының іс-шаралар жоспарында «Халыққа арналған базалық цифрлық дағдылар бойынша оқыту курстарын өткізу, қайта даярлау» туралы 88 тармақты орындау мақсатында Сәтбаев қаласында   маусым, тамыз  айларында  цифрлық сауаттылық курсы  өткізіледі. Цифрлық сауаттылықты арттыру курсы №1мектеп-гимназиясы, №4, №19 мектеп-лицейі, №3, №15, №25 жалпы орта білім беретін мектептерінде өткізіледі. Цифрлық сауаттылық курсы бойынша қосымша мәліметті  білім бөлімінің әдістеме кабинетінің 3-49-80 (3-79-34) жұмыс телефонына хабарласуларыңызға болатындығын хабарлай отырып, цифрлық сауаттылық арттыру курсына қатысуларыңызды сұраймыз. «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ

Read more