ico-home    ico-sitemap    ico-mail  

Мен Ақышбеков Берик Базылович 16.10.1974 ж.Ұлытау ауданы ,Шеңбер ауылында дүниеге келдім.Ұлтым қазақ. 1981 ж Ұлытау ауданы Терісаққан савхозы № 9 орта мектебіне барып, осы мектепті 1991 жылы аяқтадым.Осы жылы Қарағанды қаласындағы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетіне оқуға түсіп аталған оқу орнын 1997 ж. тарихшы, тарих  және саяси-әлеуметтік пәндерінің оқытушысы мамандығы бойынша аяқтадым.Еңбек жолым осы жылы  Ұлытау ауданы  №9 Терісаққан орта мектебінде мұғалім болып бастадым.1997 жылы желтоқсан айынан 2000 жылға дейін Сәтбаев қаласы №14 орта мектепте мұғалім болып еңбек еттім.2000 жылдан – 2005 жылға дейін Сәтбаев қаласы № 10 орта мектебінде, 2005-2008 ж.ж қараша айына дейін Сәтбаев қаласы №7 орта мектепте директор лауазымында еңбек еттім.2008-2010 жж. «Нұр Отан» партиясы Сәтбаев қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымында еңбек еттім. 2010 жылдың қараша айынан 2016 жылдың 1 маусымы аралығында Қарағанды облысы Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет еттім.2016 жылдың 1 шілдесінен бастап  Сәтбаев қаласы білім бөлімінің басшысы қызметінде еңбек етудемін.

Бөлім жаңалықтары

Конкурс туралы хабарландыру

Жаңалықтар232019-08-23 12:10:00

«Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ, 101301, Қарағанды обл., Сәтбаев қаласы, Қ.И. Сәтбаев атындағы даңғылы 111, электрондық мекен-жайы: satpgoo@mail.ru, интернет ресурсының мекен-жайы: satpaev-obr.gov.kz (конкурсты ұйымдастырушының атауы, пошталық және электрондықмекен – жайлары) 2019 жылдың 23 тамызынан 16 қыркүйекке дейін жекеменшік білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша енгізілген жаңа 50 орынның жұмыс істеуіне конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Read more