ico-home    ico-sitemap    ico-mail  

Білім бөлімінің бастығы - Акишбеков Берик Базылович

Құрметті «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ-нің ақпаратты ғаламтор – порталына кірушілер!

Сіздерді біздің бөлімнің арнайы WEB сайтында қарсы алғаныма шын көңілден қуаныштымын!

Берілген сайт – «Электронды үкіметтің» идеясын жүзеге асыру жолындағы бірінші қадам, сайттың әр кірушісі бөлімнің жұмысы туралы, біздің құрылым туралы, біздің жұмысымыздың тәсілі мен әдісі, қаланың білім нысандары, біздің  мемлекеттік сатып алуды жүргізуімізбен орындауымыз туралы, сонымен қатар оқушыларға, талапкерлерге, және ата-аналарға пайдалы ақпараттар беріледі, іскер байланыстарды жөндеу, біздің «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ –мен диалогке қатысуға болады, сонымен қатар шешім қабылдауға өз ұсыныстарыңызды енгізуге болады.  

Біздің сайт өте өзекті сұрақтарды және білім мәселелерін талқылауға қатысу мүмкіндігін береді. Өз жұмысымыздың үрдісі барысында біз бірінші кезекте, білім деңгейін көтеру және материалды – техникалық базамен оқушылардың әлеуметтік жағдайын және қаланың білім нысандарын жақсартуға бағытталған  көптеген жұмыстар мен функцияларын орындаймыз.

ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауында жазылған біздің негізгі міндетіміз:

  • Мұғалімнің біліктілігі мен ақпаратты мәдениетін көтеру;
  • Мектептердің материалды-техникалық базасын көтеру;
  • Мектептердің құрал жайларымен ғимараттардың ауыстырылуы;
  • Мектепке дейінгі балалар  мекемелерінің, шағын-орталықтар торының дамуы;
  • Кәсіби оқыту орталығының қор жұмыстарының дамуы;
  • Пәннің сапасын  бағалаудың  бір жүйелі тестілеу бағдарламасы бойынша  әр мектептің жұмысын «Сәтбаев қаласының білімбөлімі» ММ сайтында;
  • Оқу пәні бойынша компьютерлік  бағдарламаны қолдану ( электронды оқулық);
  • Мектеп жұмыстарында ақпарат-коммуникативті технологияны (АКТ) қолдану;
  • Республика, облыс жоғарғы оқу орындарымен жүйелі түрде байланыста болу;
  • Математика, информатика және ағылшын тілін мемлекеттік тіл мен орыс тілдерімен қатар сапалы оқыту ;

Көбінесе біздің жұмыстарымыз қоғамның көзінен таса қала береді. Арнайы сайттың ашылуымен біздің жұмысымыз туралы ақпараттар қол жетімді болады деп үміттенеміз, сонымен қатар, жасалған жұмыстар Сіздерге қызықты және әуесті түрде ұсынылатын болады. «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ арнайы WEB – порталы оның кірушілеріне қаланың білім өмірі туралы неғұрлым тиімді бағдар алып және оған қатысуына көмектеседі. Біз сіздермен өзара тиімді қызметтестік жасауға дайынбыз.

Бұл біздің  облыс және қала білім үрдісін және оның әрі қарай  деңгейінің дамуына бағытталған жұмысымыздың тиімділігінің артатынына сенімдемін!

Біздің сайтымызға қош келдіңіздер!

Құрметпен, «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ

Бөлім жаңалықтары

Сәтпаев қаласы бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты сабақтардың тоқтатылуы туралы ақпаратты қайдан алуға болады?

Жаңалықтар372019-11-22 04:05:12

Сәтбаев мектептері бойынша  ауа-райының қолайсыздығына байланысты сабақтардың тоқтатылуы туралы ақпарат бірінші ауысымда 07.00-ге дейін және екінші ауысымда 12.00-ге дейін (төмендегі сілтемелер бойынша) қол жетімді:1.Сәтбаев қаласының білім бөлімінің веб-сайтында www.satpaev-obr.gov.kz2.Telegram chat t.me/satpaevbilim  әлеуметтік желісінде (Сәтбаев қаласының әлеуметтік саласы) Сәтбаев мектептеріндегі сабақтар келесі жағдайларда тоқтатылады:-25 градустан * төмен, жел жылдамдығына  2 м / с немесе одан жоғары жылдамдықпен болғанда - 1-4 сыныптарда сабақ болмайды.-30 градустан * төмен, жел жылдамдығына 2 м / с немесе одан жоғары жылдамдықпен болғанда - 1-9 сыныптарда сабақ болмайды.-35 градустан * төмен, жел жылдамдығына 2 м / с немесе одан жоғары жылдамдықпен болғанда - 1-11 (12) сыныптарда, кәсіптік лицейлерде, колледждерде (1-2 курс студенттері үшін) сабақтар болмайды;Сонымен қатар, ата-аналар ауа-райының жағдайын, мектептің алыстығын және мектептегі температура жағдайларын ескере отырып, сабақ тоқтатылған күннің өзінде де баланың мектепке бармауы туралы дербес шешім қабылдай алады. Сабақ тоқталған күндері мектептердегі оқу процесі тоқтатылмайды: мектепке келген оқушылармен жеке сабақтар өткізіледі, оқылған материалды қайталау және жинақтау жүргізіледі.Құрметті ата-аналар мен оқушылар (студенттер)! Сіздерге ақпарат іздеудің қажеті жоқ, біздің Telegram t.me/satpaevbilim чатына жазылыңыз (Сәтбаев қаласының әлеуметтік саласы) және сабақтардың тоқтатылуы туралы уақтылы хабарлама алыңыз (аласыз)!

Read more